Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясы президенті тағайындалды

0
1 948

Жаңа президент ұлттық құндылықтарды қайт жаңғыртуға жаңаша өзгерістер енгізетін болады.


Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясы президенті тағайындалды

Нұрғали Мылтықбаев бұдан былай Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясын басқарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев облыста тоғызқұмалақ федерациясының президентін тағайындады. Көп жылдардан бері еркін күрес және көкпардан жарыстарды өткізуге атсалысып келе жатқан іскер азамат Нұрғали Мылтықбаев ендігі кезекте өңірдегі ұлттық спорт түрін дамытуға атсалысатын болады. Жаңа президент ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға жаңаша өзгерістер енгізбек.

Басқарма басшысы тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде дамыту жолында сәттілік тілеп, арнайы сертификат табыс етті.

Нұрғали Мылтықбаев та сенім артып, үлкен жауапкершілік жүктеген басшылыққа ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта сенім үәдесінен шығуға бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

Осы жиынға арнайы қатысқан облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев тоғызқұмалақ спортынан әлем чемпионы болған шәкірттерінің көптеген жастарға үлгі екенін айтты.