Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары өмірден өтті

0
916

57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары өмірден өтті

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ресми парақшасында жариялады.

Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туылған. Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Изобиль» совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған. 2014 жылдың қараша айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары және 2019 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында абыройлы қызмет атқарған.

Мезгілсіз қазаға байланысты Қосман Қайыртайұлының отбасына, туған-туыстары, дос-жарандары мен әріптестеріне қабырғамыз қайыса көңіл айтамыз.