Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

0
1 666

Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің «шетел тілін білетін журналист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында бастаған.
2000 жылдардан бастап Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында түрлі лауазымдарда істеген.
2002 жылы «Астана» телеарнасында қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру АҚ ақпарат-талдау орталығының баспасөз қызметінде;
2008 жылдан бастап «ҚазАгро Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы;
2011 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;
2016 жылдан 2018 жылға дейін түрлі жеке компанияларда және «КазАгроМаркетинг» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған.
2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2015 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.