​Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын босатты

0
2 302

Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы мемлекеттік қызметте 40 жылдай қызмет атқарды.


​Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын босатты

ERNUR.KZ.Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы лауазымын босатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы мемлекеттік қызметте 40 жылдай қызмет атқарды.

Ол, біздің Егеменді еліміз – Қазақстан Республикасының игілігі және халқымыздың тұрмысының жақсаруына өзіне тапсырылған істерде әрдайым адал қызмет етті.

Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – күрделі және көп салалы құрылым. Осыған байланысты, басшының жеке өзі әрдайым барлық Департаментке тиісті салаларын бақылауға мүмкіншілігі жоқ. А. Үмбетәлиев өзінің көп уақытын салық қызметіне бөлген, әсіресе белгіленген мемлекеттік бюджеттің болжамды жоспарының орындалуына. Оның басшылығымен, бірнеше жылдар бойы Департамент осы көрсеткішті артығымен орындап, бюджетке миллиардтаған түсімдер әкелді.

Дегенмен, басшы өзінің қарамағындағы қызметкерлеріне моральды жауапты. Оған бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарда күдіктенуіне байланысты, ол Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы лауазымын босатуды өзінің азаматтық борышы деп есептеді.

Қызметтен кете отырып, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Түркістан облысы әкімдігі және құқық қорғау органдарының басшылығына оған сенім білдіргені және Департаменттің ұжымына бірлесіп жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын айта келе, жұмыста жеткен қарқындары мен жетістіктерін бәсендетпеуіне тілек білдірді.