Түркістан облысы бюджетті игеруден бірінші орында тұр

0
571

Бюджеттің атқарылуы 99,8 %-ды құраған.


Түркістан облысы бюджетті игеруден бірінші орында тұр

Түркістан облысында бюджетті игеру мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен апталық аппарат отырысы өтті. Аталған жиналыста облыс бюджетінің 2021 жылдың қорытындысымен игерілуі баяндалды.


Атап өтсек, 2021 жылға арналған облыс бюджетіне түсімдер 115,3 млрд. теңге сомасында көзделіп, бюджетті атқару 3,5 млрд. теңгеге асыра орындалған. Өткен жылдың қорытындысымен бюджеттің атқарылуы 99,8%-ды құрап, игеру нәтижесі бойынша республика деңгейінде өңір алғашқы орынға тұрақтады.