Түркістан облысы індеттің екінші толқынына қарсы шараларға 100 пайыз дайын

0
707

Ауруханаларда материалды-техникалық база жақсартылған.


Түркістан облысы індеттің екінші толқынына қарсы шараларға 100 пайыз дайын

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың басқаруымен өңірде коронавирус инфекциясының ықтимал белең алу жағдайлары ескеріле отырып емдеу мекемелерінде күрес жоспары бекітілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарда 6000-ға жуық төсек орынмен қамту қауқары қарастырылған. Облыстағы медициналық мекемелердің пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур ұйымдастырылды.

Ауруханаларда материалды-техникалық база жақсартылған. Өкпені жасанды желдету аппараттар саны 65 пайызға артқан. Сонымен қатар қуаттылығы орасан 80 оксиген аппараты алынды. Оттегі концентраторларының саны 900 бірлікке жеткізіліп, өсім 95,0% - ды құрады. Аурухана аймақтарынан салынған оттегі станциялары екі есеге артқан. Емдеу мекемесін толығымен оттегімен қамтамасыз ететін станцияның бірі Кентау қалалық орталық ауруханасында орнатылған. Аурухана жаңадан ашылған гемодиализ орталығы, компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, жаңа үлгідегі УДЗ мен зертханалық диагностикалық аппараттарымен жабдықталған.

«Індеттің бірінші толқынында орын алған кемшіліктерді болдырмау үшін бүгінде барлық тиісті жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 2-2,5 айға жететін ауруға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілікті деңгейде алынды. Енді облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметі жыл соңына дейін қосымша 120 көлікпен қамтылатын болады. Шалғай ауылдарға 12 жылжымалы медициналық кешен алынуда», – деді М.Пашимов.