Түркістан облысы "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша көш бастап тұр

0
182

Бағдарламаны орындау бойынша Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып 36 жоба ұсынды.


Түркістан облысы

Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бір ай бойы жүйелі және тынымсыз еңбектің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік», – деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпкерлерді шарттармен таныстыру және кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру мақсатында белсенді сату әдісі қолданылғандығын және қаржының кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Жобалау тобы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері аудандарда және қалаларда жергілікті кәсіпкерлермен жеке кездесулер өткізді. Белгілі болғандай, бұл әдіс қысқа мерзім ішінде өз жемісін берді.

Аталмыш бағдарлама бойынша бүгінгі күннің өзінде ілгерілеу байқалуда, сомасы 927 млн. теңгені құрайтын 18 жоба қаралуға түскен.

Бағдарламаны орындау бойынша Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып 36 жоба ұсынды. Агроөнеркәсіптік саласының кәсіпкерлері өте белсенді. 206 жобаның 117-сі осы салаға тиесілі.

Бүкіл қаржы ұйымдардың арасында агроөнеркәсіптік кешенге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жауапты екені атап өткен жөн. Жеке кездесулерден соң, бүгінгі таңда сомасы 8,9 млрд. теңгеге 16 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жиында «Даму» ККҚ АҚ филиалы тарапынан жобаларды уақытылы субсидияландыру мәселелері қозғалды. Бұл мәселеге байланысты облыс әкімінің орынбасары филиал басшылығына пайыздар бойынша өтінімдерді жеделдетілген түрде қарастыруға тапсырма берді.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты және бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет