Түркістан облысы мен Ташкент облысы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

0
118

Түркістан облысымен Ташкент облысы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайтын болады.


Түркістан облысы мен Ташкент облысы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Ташкент облысы мен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22-ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап,алдағы уақытта ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегаттар барды.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар.

Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу. Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар жетістігі таныстырылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет