Түркістан облысы: Мерекеге орай Бәйдібек ауданында 20 отбасы баспаналы болды

0
1 631

Ауданда бұдан бөлек жеке құрылысшы мердігерлердің есебінен 2 қабатты 10 пәтерлі 3 қызметтік тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, арнайы сараптамадан өтуде.


Түркістан облысы: Мерекеге орай Бәйдібек ауданында 20 отбасы баспаналы болды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне байланысты өткен жылы құрылысы басталып, аяқталған 1 пәтерлі 20 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараға қатысқан аудан әкімі Б.Танагөзов 20 отбасын қоныс тойларымен құттықтап, салтанатты түрде тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Қоныс той иелері атынан сөз алған жалғыз басты қарт ана Л.Березовская, аудандық орталық аурухананың хирург-дәрігері Ж.Бейсенов өз алғыстарын білдіріп, мереке қарсаңында алып отырған тұрғын үйлеріне қонаққа шақырды.
Айта кетерлік жайт, ауданда бұдан бөлек жеке құрылысшы мердігерлердің есебінен 2 қабатты 10 пәтерлі 3 қызметтік тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, арнайы сараптамадан өтуде. Бұл тұрғын үйлер ағымдағы жылы Шаян, Мыңбұлақ, Боралдай елді мекендерінде басталады.
Сонымен қатар аудан орталығынан 2 қабатты 16 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құжаттары дайын болғаннан кейін қаржыландырылып, аталған тұрғын үйлердің де құрылысы басталғалы отыр.