Түркістан облысы полицейлері 14 пәтер ұрлығына қатысты бар күдіктілерді ұстады

0
894

Сарыағаштық бірқатар тұрғындар ұрлық бойынша АПБ-не хабарласып арызданған.


Түркістан облысы полицейлері 14 пәтер ұрлығына қатысты бар күдіктілерді ұстады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті бірнеше тұрғындар хабарласып, тұрғын-үйлеріне ұрылар түсіп, барлық ақшалары мен алтын бұйымдары ұрланғанын жеткізеді. Бірінің жинақтап жүрген ақшасын, бірінің алтын жүзік, сырғаларын әккі ұрылар түнгі мезгілде жымқырып кеткен. 5 бірдей жергілікті тұрғындардың арыздарында сүйенсек, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 4 миллионға жуық.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Пәтер ұрлығы көбейіп, ұрлық болған уақыттар бір-біріне жақын болғандықтан Сарыағаш аудандық полицейлері мұны бір қылмыстық топ жасап жүр деген тұжырымға келеді. Қылмыстардың ізін суытпай ашу мақсатында тез арада тәжірибелі тәртіп сақшыларынан топ құрылып, шұғыл-іздестіру шараларын жүргізеді. Қылмыс орын алған жерлерді мұқият тексеріп, куәгерлерден сұрастырып жүріп, алтын алатын орындарда іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Барлық қажетті деген шараларды жасаған полицейлер, нәтижесінде күдіктілердің бірін қолға түсіреді. Күдікті ретінде ұсталған азамат, жергілікті тұрғын болып шықты. Сарыағаш АПБ-не жеткізілген ол, өз кінәсін толық мойындап, қазір қамауда. Қосымша іздестіру шараларын жүргізу барысында көп уақыт өтпей, күдіктінің сыбайласы да анықталып, ұсталды.

Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен қырағылықтары арқасында, күдіктілердің жоғарыда аталған істерден басқа 14 іске қатыстылығы анықталды, ал күдіктілер қылмыстарын толық мойындады. Қазіргі таңда екеуі де қамауда. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз тұрғын-үйлеріңіздің қауіпсіздігі үшін мүмкіндігінше бейнебақылау орнатуға шақырады. Оған қоса, терезелерге темір тор орнатып, сыртқы есіктерді де темірден жасатып, ұрылардың арам ойын іске асыруға жол бермеңіздер деп ескертеді.