Түркістан облысы Ресейлік инвесторлармен екі жақты меморандумға қол қойды

0
935

Түркістан облысы, Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу жоспарлануда.


Түркістан облысы Ресейлік инвесторлармен екі жақты меморандумға қол қойды
Келес ауданының аумағында 500 гектардан асатын жылыжай кешені салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен «Эко Культура» агроөнеркәсіптік холдингі Президенті Александр Рудаков екі жақты меморандумға отырды.
Жоспарланған инвестицияның мөлшері 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды.
Ауқымды жоба - Түркістан облысы Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу жоспарлануда. Жобаны қаржыландыруды, сондай-ақ, ЕДБ қаржы құралдары арқылы жүзеге асырылмақ.
«ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі 2015 жылы құрылған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі ресейлік компания болып табылады. Компания қызметі жабық топырақта экологиялық таза көкөністер өсіруге бағытталған. Негізгі өсірілетін егістік — қызанақ, қияр және жапырақ салаты.
Сонымен қатар, «ЭКО-культура» холдингі өндірістік қуаттылықты кеңейту мақсатында Өзбекстан, Қазақстан және Қытайдан перспективалық аймақтар қарастыруда.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев инвесторлармен жобаны жүзеге асыру бағыттары бойынша жан жақты талқылау жүргізді.