Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті

0
712

«Жасыл» аймаққа өткен жалғыз өңір.


Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда республика көлемінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өткен жалғыз өңір. Облыс аумағында соңғы тәулікте КВИ-дің 93 жағдайы анықталып, тәуліктік өсім 0,51%-ды құрап отыр.


Сондай-ақ, облыста инфекциялық стационарларда 809 төсек орын жасақталып тұрса, 532 төсек-орын бос. Пандемия басталғалы індеттің 18082 жағдайы тіркелсе, оның 9345-інде симптом байқалмаған.


Айта кетсек, қазір бірінші компонентпен 1 046 156 адам, ал екінші компонентпен 1 042 228 адам вакцина қабылдаған.