Түркістан облысы – жыл бойы «жасыл аймақта» болған жалғыз аймақ

0
483

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мұны жоғары бағалады.


Түркістан облысы – жыл бойы «жасыл аймақта» болған жалғыз аймақ

Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша үздік көрсеткішке ие, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Түркістан облысы — коронавирустың таралу қарқыны бойынша жыл бойы «жасыл аймақта» болған елдегі жалғыз аймақ екенін атап өтті. Бұл ретте бірлескен ұжымдық жұмыс пен дәрігерлердің еңбегі орасан зор.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мұны жоғары бағалады», - деді өңір басшысы.