Түркістан облысында 170 млн. дана көшет отырғызылады

0
673

110 мың гектар аумақ қарастырылған.


Түркістан облысында 170 млн. дана көшет отырғызылады

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 170 млн. дана көшет отырғызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Жасыл белдеу» аумағын 20 мың гектарға жеткізу көзделуде. Өңір аумағында 2025 жылға дейін 110 мың гектар аумаққа 170 млн көшет егу жоспарланған. Бұл туралы брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді.


«Өткен жылдың қорытындысы бойынша "Жасыл белдеу" көлемі жалпы 13 629 гектарға жеткен. Соның ішінде «ҚазАтомпром» АҚ қарасты кәсіпорындармен 5 929 га жерге жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы себілді. Сондай-ақ, су айдыны мен аңшылық алқаптарында сұғанақтықпен күрес мақсатында басқарма тарапынан 1 076 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Анықталған 381 заң бұзушылық фактілерінен 4 млн 107 мың теңге әкімшілік айыппұл өндірілді», - деді Қайрат Амангелдіұлы.


Бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі - тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Өткен жылы аймақтағы 158 полигонда 110 мың тоннаға жуық қалдық жинақталып, оның 17,6 мың тоннасы қайта өңдеуге бағытталған.