Түркістан облысында 170 млн. түп ағаш көшеті отырғызылады

0
653

«Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты.


Түркістан облысында 170 млн. түп ағаш көшеті отырғызылады

Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа ағаш көшеті отырғызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа 170 млн ағаш көшеті отырғызылады. Қазірдің өзінде «Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты. Жыл соңына дейін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, айтылған межені орындау үшін облыс әкімдігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп кешенді жоспар қабылдаған.


«Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында еліміздің орман қорына 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жөнінде тапсырма бергені баршаға мәлім. Осы міндетті орындау үшін өңірімізде тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Алдағы уақытта жылына 35-40 млн түп ағаш көшетін өндіріп, белгіленген аумаққа отырғызылады», – деді Қ.Амангелдіұлы.


Басқарма басшысы Түркістан қаласы қатаң экологиялық аймаққа жататынын айта келе көшеттердің өніп кетуі біршама қиындықтар тудырып жатқанын жасырмады. Дегенмен, жас көшеттерді дер кезінде күтіп баптау жұмыстарының арқасында ағаштардың өнімділігі 65-70 пайызға жеткен. Орманды молайту және орман өсіру саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде орындау үшін штаттық бірліктер мен техникалар алынған.