Түркістан облысында 76 мал бордақылау алаңы ашылған

0
877

11 365,2 тонна ет өндірілген.


Түркістан облысында 76 мал бордақылау алаңы ашылған

Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 74 мың, қой мен ешкі 432,1 мың, жылқы 25,6 мың, түйе 740 мың және құс 432,1 мың басқа жеткен.

Осы аралықта жалпы Ордабасы ауданында 11 365,2 тонна ет өндірілген. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарына және 5 211,1 тоннасы жұртшылық шаруашылықтарына тиесілі.

Атап өтер болсақ, бүгінде аудан көлемінде 355 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келе жатыр. Оның 76-сы биылғы жылы іске қосылған. Бұл көрсеткіштер оңтүстік өңіріндегі аудандар арасында жақсы нәтиже болып есептеледі. Сонымен қатар, аталған ауданда егін шаруашылығынан да жыл сайын мол өнім алынады. Ал ол өнімдер аудан, облыс көлемінде және еліміздің басқа да аймақтарына жөнелтіліп, сапалы өнім ретінде саудаланады.