Түркістан облысында 960 мыңға жуық адам екпе қабылдады

0
493

Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Түркістан облысында 960 мыңға жуық адам екпе қабылдады

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 33 адамда COVID-19 індеті анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 957575 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 3252 адам вакцина қабылдаған. Ал, екінші компонентпен 860917 адам вакцина алды.


Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 33 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,22% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 077 576 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 581 –і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 916 жағдай тіркелді. Олардың 7549-да ауру симптомсыз өткен болатын.