Түркістан облысында аудан әкімдігі жалғызбасты ананың үйінің шатырын жөндеп берді

0
1 361

Үйді жөндеуден өткізу үшін қажетті құрылыс материалдарына аудандағы мекемелерден, кәсіпкерлерден қаржылай ақша жиналған


Түркістан облысында аудан әкімдігі жалғызбасты ананың үйінің шатырын жөндеп берді

ERNUR.KZ. Түркістан облысы, Созақ ауданында Шолаққорған ауылы әкімі аппаратының қолдауымен аталмыш елді-мекеннің тұрғыны, жалғызілікті қарт ана Тұрғанкүл Байтасованың үйіне асар ұйымдастырылды, деп жазады Cозақ ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында.

Аталмыш шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Асар барысында Т. Байтасованың үйінің шатыры ауыстырылды. Сонымен қатар үй іші және сырты сыланды, әктеу жұмыстары жүргізіліп, аула шарбағы тұрғызылды. Үйді жөндеуден өткізу үшін қажетті құрылыс материалдарына аудандағы мекемелерден, кәсіпкерлерден қаржылай ақша жиналған. Ал, құрылыс жұмыстарына мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары атсалысты.
«Ауылдасқа көмектесу бәріміздің парызымыз, бүгінгі игі іске ауыл азаматтары, жекелеген кәсіпкерлер үлес қосты. Өз үлесін қосып жатқан барша ауылдастарға айтар алғысымыз шексіз», - дейді аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев.