Түркістан облысында ауруханаға барып емделетіндердің саны азайған

0
166

Биылғы жылдың 5 айында 43 353 науқас стационарда ем алған.


Түркістан облысында ауруханаға барып емделетіндердің саны азайған

Түркістан облысы бойынша ауруханаға емес, емханада ем алатындар саны артқан. Облыс халқына 50 медициналық мекеме стационарлық емді алмастыратын көмек көрсетеді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жаңа модульдің бірі - динамикалық бақылауға жататын аурулардың санын қысқарту. Өйткені денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржының 50 пайызы емханаларда жатып емделуге жұмсалады. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш тек 34 пайызды құрайтын көрінеді. Мамандардың болжамынша, қаржыны стационарлық қызметтен гөрі, стационарды алмастыратын көмекке жұмсаған жөн. Осы тұста, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бас сарапшысы М.Ибрагимовтың мәліметіне мән берсек. Қордың медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг жасау бөлімі стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде, стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша 1617 кемшілік анықталған.

Айта кетерлігі, емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу, дерекқорға пациенттің мәліметтерін дұрыс енгізбеу және медициналық көрсетімдерсіз емдеуге жатқызуға байланысты екені белгілі болды.

Түркістан облысында 50 медициналық ұйым тұрғындарға стационарды алмастыратын көмек қызметтерін көрсетеді. Жалпы төсек саны – 2811. Сонымен стационарды алмастыратын көмектің түрлерінің бірі – гемодиализ жасау. Бұл қызметті өңірде облыстық клиникалық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, Жетісай аудандық орталық ауруханасы, «IDSenim» ЖШС, «REN clinik» ЖШС, «Шымдиал» ЖШС, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы, "Мед Алатау" ЖШС, "Сұлтанәжі" ЖШС," көрсетеді.

Биылғы жылдың 5 айында 43 353 науқас стационарда ем алған. Емделіп шығу жағдайларын талдау жасасақ, өткен жылға қарағанда стационарды алмастыратын көмек алушылар біршама көбейген. Сондай-ақ, науқастар негізінен гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, кардиология, гинекология, нефрология, урология, ревматология, неврология, аллергология мамандарына қаралған.

Сонымен қатар, 8172 науқас несеп-жыныс жүйесі ауруларымен емханада күндзгі стационарда емделген. Оның ішінде, нозологиялық топ бойынша 4289 қан айналымы жүйесі аурулары және 3807 тыныс алу органдарының аурулары құраған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет