Түркістан облысында «Biz birgemiz!» еріктілер қозғалысы құрылды

0
499

Волонтерлікке 100 мыңға жуық адамды тарту жоспарлануда.


Түркістан облысында «Biz birgemiz!» еріктілер қозғалысы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа волонтерлер қозғалысы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының жас белсенділері «Biz birgemiz!» деп аталатын жаңа волонтерлер қозғалысын іске қосты. «30 игі іс» республикалық акциясы барысында жасотандықтар елорданың және еліміздің басқа өңірлерінің медицина қызметкерлеріне «алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастырды. Олардың әрқайсында дәрумендерге бай пайдалы өнімдер жиынтығы бар.

Қозғалыс еліміздің барлық белсенді және жанашыр жастарын бірігуге және волонтерлік қызметпен айналысатындарды қолдауға шақырады. «Жастар – Отанға!» 5 жылдық бағдарламасы аясында волонтерлікке 100 мыңға жуық адамды тарту жоспарлануда.

«Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалы жанынан да «Biz birgemiz!» жалпыұлттық волонтерлер қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыс Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай өткізіліп жатқан «30 игі іс» республикалық акциясын ұйымдастыруға кірісіп кетті.

Атап айтсақ, өңірде «Дәрігерлерді ардақтайық» іс-шарасы өтті. Түркістан облысы бойынша 100-ден астам жасотандықтар мен «Biz Birgemiz!» волонтерлары бірігіп, 500-ден астам дәрігерге ерен еңбектері үшін алғыс ретінде «алғыс себеттерін» ұсынды. Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған дәрумендер мен пайдалы қасиеттері бар оннан астам пайдалы өнім салынған. Айта кету керек, өнімдер дәрігерлердің ұсыныстары бойынша таңдалды.

Еріктілер алдағы уақытта да жақсы бастамаларды қолға алып, игі істі жалғастыруды көздеп отыр.