Түркістан облысында дін қызметкерлері тазалық жұмыстарын өткізіп жатыр

0
2 152

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі шара ауданның барлық мешіттерінде жалғасын таппақ.


Түркістан облысында дін қызметкерлері тазалық жұмыстарын өткізіп жатыр

Түркістан облысы, Жетісай ауданында ауданның бас имамы Бекзат Сыздықовтың бастамасымен дін қызметкерлері тазалық жұмыстарын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дінімізде тазалық тек қана киім немесе денені ғана қамтымайды. Оған қоса, қоршаған орта тазалығы да басты назарда болуы тиіс. ҚМДБ Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен «2019-жылға арналған Жұма уағызы жоспары» негізінде жылдың алғашқы жұма уағызы «Тазалық – иманнан» тақырыбында өрбіді. Осы негізде Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықовтың бастамасымен және мешіт жамағатының қолдауымен «ТАЗАЛЫҚ – ИМАННАН» атты мешіт аулалары және қала көшелерін ретсіз тасталған күл-қоқыстардан тазарту іс-шарасы жүргізілуде. Шараға аудандық «Нұғман» мешітінің ұжымы, жалынды жастар, БАҚ өкілдері, аудандық ардагерлер алқасы ат салысты.

Іс-шара соңында ақсақалдар баталарын беріп, мешіт ұжымына шынайы алғысын білдірді.