Түркістан облысында Д.Қонаевтың ескерткіші орнатылды

0
752

Мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді.


Түркістан облысында Д.Қонаевтың ескерткіші орнатылды

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде Социалистік Еңбек Ері, ғұлама ғалым, академик – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ, мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді.


Алқалы жиынға ел ағалары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты. Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының Құрметті азаматтары Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек құттықтау сөз сөйлеп, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайлы баяндап, еңселі ескерткішті салтанатты түрде ашты.


Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әбілқасым Досболов, аудан әкімі Төлеген Телғараев ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Айта кетейік, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаевтың демеушілігімен бой көтерген қоладан жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.