Түркістан облысында экспортаушылар кеңесі өтті

0
487

Түркістан облысының экспорты 16,4%-ға артқан.


Түркістан облысында экспортаушылар кеңесі өтті

Түркістан облысында «Өңірлік экспортаушылар кеңесі» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Инвестиция тарту және экспортты дамыту «Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «Өңірлік экспортаушылар кеңесі» өтті.


Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты.


Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% - ға жоғары (418,3 млн. АҚШ доллары).


Осы кезеңде Түркістан облысының экспорты 16,4%-ға өсіп, 264,2 млн. АҚШ долларын құрады.


Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін жеткізудің 12,84 млн. АҚШ долларына немесе 309,4%-ға, қой еті 5,36 млн. АҚШ долларына немесе 788,2%-ға, өзге де балықтың жон еті 1,23 млн. АҚШ доллары немесе 96,1%, трансформаторлар 1,01 млн. АҚШ доллары немесе 23,5%-ға және бидай ұны 0,56 млн. АҚШ доллары немесе 14,7%-ға артқан.