Түркістан облысында электр желілері жүргізіліп жатыр

0
981

Бұл бағытта тиісті қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.


Түркістан облысында электр желілері жүргізіліп жатыр

Ордабасы ауданында электр желілері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылының Бекмурзаев, Ынтымақ, Қалыбеков, Теріскей, Абай, Ырыс көшелерін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 3 трансформатор орнатылып, 7,4 шақырым электр желілері тартылды. Нәтижесінде 189 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылған.

Сондай-ақ, биыл Төрткүл ауылындағы жаңа құрылыс аумағында 228 тұтынушыны сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 3 трансформатор орнатылып, 9,9 шақырым электр желілерін жүргізу жоспарланған.

Одан бөлек, Шұбарсу, Төрткүл ауыл округіндегі Елшібек батыр және Қызылжар ауылдарына және Бөржар ауыл округіндегі Ынтымақ ауылына трансформатор орнату үшін қаржы қаралып, қазіргі таңда Төрткүл және Бөржар аумақтарындағы жұмыс толығымен аяқталып отыр.

Сонымен қатар, Қажымұхан ауылында 2 көшені электр жүйелерімен қамту бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Ал Шұбарсу ауылын электр энергиясымен қамту 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл бағытта тиісті қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.