Түркістан облысында имамдарға қаржылай көмек көрсетіледі

0
1 789

Түркістанда ҚМДБ-ға қарасты 719 мешіт, 2 медресе-колледж жұмыс істеп тұр.


Түркістан облысында имамдарға қаржылай көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Түркістан қаласы ҚР Діни басқармасының кеңсе ғимаратында «Ер түріктің бесігі – рухани жаңғырған Түркістан» тақырыбында аймақтық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев Түркістан, ҚМДБ-ның Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы бойынша өкілдіктерінің қала, аудан имамдары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Аталған басқосу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген шараның басты мақсаты - еліміздегі діни тұрақтылықты сақтай отырып, экстремизмнің алдын алу, облыстық жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің біліктілігін артыру болып отыр.

«Мемлекетіміздің даму жолында оның қауіпсіздігін қатамасыз етуде дін саласы ерекше маңызға ие. Діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің артуына ҚМДБ-сы үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде облысымызда ҚМДБ-ға қарасты 719 мешіт, 2 медресе-колледж жұмыс істеп тұр. Аталған «Шымкент», «Сарыағаш» медресе колледждеріне облыстық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп, имамдарға тұрақты түрде қолдаулар көрсетіліп отыр», деді облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков.

Келесі кезекте насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы «Уағызшының сипаттары» тақырыбында баяндама жасаса, дінтанушы-ғалым, порфессор Д.Кенжетай Қ.А.Ясауидің Ислам әлеміне жасаған еңбегі туралы айтып өтті. Кеңейтілген семинардың екінші бөлігінде жалпы Түркістан облысының аудан имамдарының 4 бағытбойынша6 айлық есебі тыңдалды. Тарқатып айтсақ, ауданда өткізілген уағыз-насихат, қайырымдылық шаралары,экстремизм мен терроризмнің жолын кесу, мешіт жанынан ашылған діни сауат ашу курстары бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы талданды.

Аймақтық семинарда сонымен бірге Ислам дінінің өркендеуі тұрғысында тұшымды ойлар айтылды. Жиын соңы халық санасына дәстүрлі «Ханафи» мазһабы мен салт-дәстүріміздің сабақтастығын ұғындыру, насихаттау жайында пікір алмасулармен қорытындыланды.