Түркістан облысында қарилар орталығы ашылды

0
2 423

Кентау қаласында «Балаби қари» Құран жаттау орталығы ашылды


Түркістан облысында қарилар орталығы ашылды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында қарилар даярлайтын жаңа орталық ашылды, деп жазады Baq.kz.

Түркістан облысы, Кентау қаласында Алланың кәләмін насихаттайтын «Балаби қари» Құран жаттау орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына арнайы келген наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының сәлемін жеткізіп, арнайы сыйлығын табыс етті.

Заманауи үлгімен салынған орталықта 80 бала Құран жаттап, діни білім алатын болады.