Түркістан облысында «Келес» атты көшет түрі өсіріліп жатыр

0
998

Жаңа көшеттің өңіріміздің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген.


Түркістан облысында «Келес» атты көшет түрі өсіріліп жатыр

Түркістан облысында «Келес» деп аталатын жаңа көшет түрі өсіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданының тұрғыны Нұржан Умаров алғаш рет жартылай ащы және тәтті бұрыштың будандасқан түрін көшет күйінде өндіріп, одан өнім алуды қолға алды. Ол бұл өнімнің атауын «Келес» деп атаған. Жиырма жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүрген кәсіпкердің айтуынша, жаңа көшеттің түрі өңіріміздің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген.


«Меншігімде 8 гектар аумақта орналасқан жылыжайым бар. Оның 2 гектарына көшет өсіріп жүрмін. Бүгінде жылыжайда 40 адам еңбектенуде. Сонымен қатар қияр, қызанақ, асқабақ секілді өнімдердің тұқымдарын будандастырып, өнімнің жаңа түрін шығаруға басымдық берудеміз», – дейді жеке кәсіпкер.


Жылыжайда қарбыз, құлпынай, қырыққабат, қияр, қызанақ көшеттері шаруалардың тапсырысымен дайындалуда. Кәсіпкердің өнімі көршілес Сарыағаш және Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара аудандарының шаруалары тарапынан сұранысқа ие.