Түркістан облысында кинологтардың республикалық турнирі өтіп жатыр

0
1 279

Сондай ақ əрбір жүлдедедн үміткер кинологтың серіктес итімен тіл табысып, ымырасыз бірлескен жұмысы талқыға салынады.


Түркістан облысында кинологтардың республикалық турнирі өтіп жатыр

Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан 6698 əскери бөлімінің базасында ҚР Ұлттық гвардиясының кинология қызметінің ұйымдастыруымен арнайы сайыс өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жарысқа қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан кинологтар келген. Кинологтардың арасынан ең мықтылары анықталатын болады.

Есірткі серкелері мен қылмыстық топты құрықтаудағы қырағылық, қызметтегі ұқыптылық басты назарда. Төбеттердің түр тұлғасы емес, шеберлігі мен шеберлігі, серпімді жедел іс əрекеті сараланады. Сондай ақ əрбір жүлдедедн үміткер кинологтың серіктес итімен тіл табысып, ымырасыз бірлескен жұмысы талқыға салынады. Осындай сындардан сүрінбей өткендер ғана арнайы жүлделерге ілініп, сый сияпаттарға кенелетін болады.

Қатысушы төбеттердің сондай ақ акробатикалық қабілеттері есепке алынады. Əрбір акробатикалық тəсілді шебер орындай білген төбетке сый ретінде майлы сүйек дайын. ҚР Ұлттық гвардиясының кинологиялық қызметінің дəстүрлі республикалық байқауы бірнеше күнге жалғасады.