Түркістан облысында көпірден секірмек болған оқушыны полицейлер құтқарып қалды

0
341

Оқиға Түркістан облысы Сауран ауданында болды.


Түркістан облысында көпірден секірмек болған оқушыны полицейлер құтқарып қалды

Түркістан облысында әкесі телефонын алып қойғандықтан ашуланған жасөспірім көпірден секірмекші болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Оқиға Сауран ауданында болды. 102 байланыс номеріне хабарласқан бейтаныс адам Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден жасөспірім қыздың секіруге әрекеттеніп жатқанын айтқан. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерғазы Жүнісов пен Марат Әуезов және Бахром Хашимов бірден құтқару жұмыстарын жүргізді.


Бірі онымен сөйлесіп, қателік жасамауға шақырса, енді бірі құтқарудың амалдарын қарастырды. Қолайлы сәт туғанда екінші полицей жасөспірімді шапшаңдықпен құшақтап, қауіпсіз аумаққа алып шықты.

"Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер 9 сынып оқушысын құтқарып қалды. Белгілі болғандай, қыздың әкесі ұялы телефонын алып қоюының салдарынан араларында кикілжің туындап, жасөспірім қыз ойланбастан осы қадамға барған. Кәмелетке толмаған қыз бен оның ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкесі қызын аман алып қалған тәртіп сақшыларына риясыз алғысын білдірді", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.