Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар азайды

0
596

Өңір «жасыл» аймақта тұр.


Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар азайды

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте коронавирусқа шалдығудың 14 жағдайы тіркелді. Мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру соңғы екі аптада 946 жағдайға төмендеген.


Атап өтсек, халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталғаннан бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алуға жататын өңір тұрғындарының 1.046.809-ы, яғни 100,1%-ы вакцинаның І-компонентін салдырса, ІІ-компонентті алғандар саны 1.042.201, яғни 99,6%-ды құраған.


Сондай-ақ, өңірде 212 816 адам ревакцинациялаудан өткен. Олардың ішінде 29 760-ы Спутник V, 104-206-ы QazVac, 51- КоронаВак, 76-056- Sinopharm, 15 808- Pfizer, 23 911-Спутник лайт екпесін салдырды. Ал, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және емізулі аналар, жасы 60 тан асқан азаматтар жалпы, 163 304 азамат «Pfizer» вакцинасының І-компонентін қабылдаған. Екі компонентті де салдырғандар – 88 255.