Түркістан облысында күн сайын мәдени іс-шаралар өтіп жатыр

0
1 582

Түркістан-Келес. Мерекелік шараға ауданның 50-ден аса өнерпазы театрландырылған қойылым мен түрлі ән-биі көрсетілді.


Түркістан облысында күн сайын мәдени іс-шаралар өтіп жатыр

Түркістан облысында бірқатар мәдени іс-шаралар өтуде. Атап айтар болсақ, Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақбота - 2018» ән - би байқауы, Келес ауданы өнерпаздарының "Түркістанға сәлем!" концерттік бағдарламасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәстүрлі «Ақбота» өнер додасының мақсаты - балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ тәрбиелеу, қазақтың халық әндері мен ұлттық билерін дәріптей отырып, жастар бойына сіңіру болып табылады.

Байқауға арнайы кәсіби мамандардың іріктеуінен өткен 19 үміткер қатысып, ақтық сында өнер көрсетіп, жеңімпаздар аудан әкімінің арнайы алғыс хаты және сыйлығына ие болды.

Түркістан қаласының облыс орталығы аталуына орай "Есімхан" алаңында Келес ауданы өнерпаздарының "Түркістанға сәлем!" концерттік бағдарламасы өтті. Мерекелік шараға ауданның 50-ден аса өнерпазы театрландырылған қойылым мен түрлі ән-биі арқылы өңіріміздің жаңа тарихи белесін дәріптесе, қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі Келестің келелі келбеті мен түркі жұрты бас иген Ясауи салған ізгі жолды насихаттады.

Концерттік бағдарламаға қазақ эстрадасының жұлдызы, белгілі әнші Сержанәлі Әлібек қатысып ән арқылы құттықтауын жеткізді. Өнер кешіне Түркістан қаласының қонақтары мен тұрғындары қатысты.