Түркістан облысында «Мен туымды қастерлеймін» акциясы басталды

0
509

«Тәуелсіздік қандай қандай қастерлі болса, мемлекеттік рәміздер де сондай қастерлі».


Түркістан облысында «Мен туымды қастерлеймін» акциясы басталды

Түркістан облысында "Мен туымды қастерлеймін" деген атаумен акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы мен қоғам белсенділері Түркістан қаласында "Мен туымды қастерлеймін" деген атаумен акция ұйымдастырды.


- Аталған акцияның мақсаты – көк байрақтың, мемлекеттік рәміздердің қадір қасиетін дәріптей отырып, жастардың патриоттық сезімін ояту, ұлттық құндылықтарымызға назар аудару. Акцияның бірінші күнінің өзінде алаңға ту ұстаған жастар, қала мен облыс көлеміндегі белсенділер жиылды. Бұл акция әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Осындай Отанын сүйетін жастардың барына қуаныштымын. Біз үшін Тәуелсіздік қандай қандай қастерлі болса, мемлекеттік рәміздер де сондай қастерлі, - дейді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай.

Сондай-ақ, аталмыш акцияны Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы жастар да қолдап, мемлекеттік туымыздың мәртебесін одан сайын көтеруге атсалысып жатыр. Одан бөлек, тәрбиелік мәні зор бастаманы қолдағандардың қатары әлеуметтік желілерде де артып жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, акция тек қана Қазақстан аумағында шектеліп қалмау үшін үш тілде #КөкбайрағымМақтанышым, #Ягоржусьсвоимфлагом, #IsOurPride хэштегтері қолданылуда.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет