Түркістан облысында мереке жалғасуда

0
1 872

Жеңімпаздар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Түркістан облысында мереке жалғасуда

ERNUR.KZ. Арыс қаласында «Спорт күні» тойлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып белгіленген болатын.

Осы мақсатта Спорт күні мерекесіне орай, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде қаламыздағы спорт мекемелерінен құралған командалар арасында спорттық сайыстар өтті.


Атап айтсақ, Спорт күніне арналған іс-шараны ашқан Арыс қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі кеңесшісі Е.Маханов қаламыздағы спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, биік тұғырдан көріне берулеріне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ, спорттық сайыс баскетбол, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу, асық ату сынды түрлерінен өткізілді.


Спорттық ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.