Түркістан облысында минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді

0
520

Егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерді өрттен сақтау мақсатында.


Түркістан облысында минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы егістік алқаптарды және мал жайылым жерлерді өрттен сақтау мақсатында жыл сайын минералды жолақ жырту (опашка) жұмыстары жүргізіледі. Түркістан облысының аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 4 022,4 шақырымды құрайтын болса, оның ішінде 2 176 шақырымына (15 236 000 м2) минералды жолақ жырту жұмыстары жоспарланған.


Бүгінгі таңда, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» МКК-ны тарапынан минералды жолақ жырту жұмыстары толығымен аяқталды.