Түркістан облысында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы қарқынды түрде іске асып жатыр

0
1 176

Мұндай акциялар оқу жылы басталысымен дәстүрлі түрде өтіп тұрады.


Түркістан облысында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы қарқынды түрде іске асып жатыр

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Жергілікті полиция қызметі мен ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлері балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануына жол бермеу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында, оқушыларға жол жүрісі қауіпсіздігі мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру бойынша дәрістік оқулар мен сабақтар өткізді.

Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілеріне балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікбелдіктерін және балаларға арналған ұстаушы құрылғыларды қолдану қажеттілігі туралы түсіндіріліп, қажетті ақпараттар берілген. Сонымен қатар, балалардың жол-көлік оқиғасынан зақым алуының алдын алу акциясы аясында жол полициясы қызметкерлері қала мен облыс аудандарындағы көше жолының тораптарында жол белгілерінің, жолақтарының және жол кедергілерінің болуына тексеру жүргізіп жатыр.

Жол полициясының мәліметі бойынша, осындай шаралардан кейін, қайғылы оқиғалар статистикасы едәуір азаяды екен.

Айта кетейік, Қазақстанда оқушылардың қатысуымен орын алатын жол-көлік апаттарының алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын, оқу жылы басталысымен дәстүрге сай бір айға жоспарланған «Назар аударыңыз, балалар!» атты акциясы өтіп тұрады.