​Түркістан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. теңгеден асты

0
1 128

Түркістан облысында инвестициялық салымдардың басым бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі.


​Түркістан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. теңгеден асты

ERNUR.KZ.Түркістан облысында 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. 572 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестиция салымдарының басым бөлігі - өнеркәсіп саласына (40,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,7%) және білім беру саласына (10%) тиесілі.

«Негізгі инвестициялық салымдардың 83,5 пайызын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған. Оның көлемі - 78 098 млн. теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 15 пайызға өсіп отыр. Бұдан өзге, статистикалык тіркелімнің мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарында Түркістан облысында 13 805 заңды тұлға тіркелген. Республика бойынша тіркелген заңды тұлғалар көрсеткішінде облыстың үлесі 3,2 пайызды құрайды», - деді Түркістан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Түркістан облысында заңды тұлғалардың жиі тіркелетін қызмет түрі - ауыл, орман және балық шаруашылығында (29,4%). Екінші орын алатын қызмет түрі - білім беру cаласында (17,4%), үшіншісі сауда cаласындағы тіркелген заңды тұлғалар (13,5%).

Бөлшек сауданың көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша, 66 млрд. 213 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға артқан. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі – 24 пайыз, азық-түлік емес тауарлары – 76 пайыз. Көтерме сауданың көлемі - 31 млрд. 320 млн. теңгеге жетіп, тауар айналымының 53,5 пайызын азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық өнімдер құраған.