​Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

0
3 062

Өткен жылға қарағанда өлім-жітім көрсеткіші едәуір азайған.


​Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ,ана өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың 10 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеп, республика бойынша облыс 9 орынға тұрақтаған.

«Өңірдегі нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші 8,6-ны құрап,өткен жылменсалыстырғанда 16,2 пайызға төмендеді. 10 айлық нәтижесінің қорытындысы бойынша облыс нәресте өлімі көрсеткіші республикада 6-орында», - деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Бұдан өзге, кадрлық ресурстар бойынша облыстағы дәрігерлер саны - 4957. Бұл 10 мың халыққа шаққанда 25,4 көрсеткішті құрайтынын, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында облыстық деңгейде 4350 маман, республикалық деңгейде 1716 маман біліктілігін арттырып, 63 маман Мәскеу, Қазан, Минск, Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларының клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибе алмасқанын да айтып өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бүгінде Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге 100 пайыз қосылған.

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі