ТҮРКІСТАН: Орман өртіне қарсы тиісті жұмыстар атқарылып жатыр

0
350

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жазғы маусымда орын алатын жағдайлар мен олардың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді.


ТҮРКІСТАН: Орман өртіне қарсы тиісті жұмыстар атқарылып жатыр

Жалпы 2019 жылы облыс аумағында орман өрті тіркелмеген. Ал, 2018 жылы 3 дала өрті орын алып, нәтижесінде 462 гектар жер отқа оранған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Табиғи өрттердің негізгі себебі - ыстық ауа-райы, сондай-ақ күн сәулесі қатты ысыған кезде шыны ыдыстарының әсерінен өздігінен жану процесінің пайда болады. Сонымен қатар, тұрғындардың табиғатта демалу кезінде отқа ұқыпсыз қарауы, сөндірілмеген алау, тасталған темекі тұқылдары. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді.

Департамент бастамасымен болуы мүмкін орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл тәжірибе жүзінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткен болатын.
«Бұл іс-шараға облыстың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері және облыстық орман шаруашылықтары, жалпы алғанда 200-ден астам адам, 42 техника, оның ішінде: 12 өрт сөндіру техникасы, 14 трактор, 16 бірлік орман шаруашылық патрульдік автокөліктер қатыстырылды», – деді Нұрғали Сырлыбайұлы.
Облыс аумағын аралау кезінде сапалы жүргізілген өртке қарсы минералды жолақтың нәтижесінде автомобиль жолдарының бойларында орын алған 100-ден астам өрт ошақтары дала және егіс алқаптарына өтпегені анықталған.
Айта кетейік, өңірде 12 орман шаруашылығы орналасқан, оның ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жануарлар әлемі және орман шаруашылығы комитетіне қарасты 5 орман шаруашылығы бар.
Сондай-ақ, баспасөз жиынында шомылу маусымы туралы мәлімет берілді. Облыс аумағында судағы жазатайым оқиғалар болуы мүмкін қауіпті аймақтарды анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Барлығы 139 қауіпті аймақ анықталған. Сондай-ақ, жыл сайын «Қауіпсіз жаз», «Судағы қауіпсіздік» сынды сақтық шаралары ұйымдастырылып, БАҚ-тан насихатталып келеді. Алайда, облыс бойынша ТЖ жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша судағы қаза болған адамдардың саны азаймай тұрғанын көрсетеді. Осыған байланысты облыс тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет