Түркістан облысында пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

0
931

ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша тіркеуге алынды.


Түркістан облысында пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері 15 пәтер ұрлығына қатысы бар пәтер ұрыларының қылмыстық тобын құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, қыркүйек айының басында оның үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, шкафтан алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы жарты миллионнан астам теңгені құрайды. Аталған жайтты Сайрам АПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша тіркеуге алынды.Сондай-ақ, Сайрам ауданының полиция басқармасына бөтеннің мүлкін ұрлау туралы ұқсас арыздармен тағы да бірнеше адамдар арызданды.

Аталған қылмыстарды ашу мақсатында Сайрам АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша қажетті іс-шаралар кешенін атқарды.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары ұрыларды кезекті ұрлық қылмыстарының үстінен, Түлкібас ауданынан құрықтады. Олардың ішінде біреуі бұрын сотты болған азамат. Артынша, жедел уәкілдер ұрланған затты сатып алушылар, яғни Шымкент қаласының тұрғындары ұсталды.

Бүгінгі таңда, тергеу барысында күдіктілердің 15 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ұрылар жергілікті тұрғындардың үйлеріне кіріп, кейде терезе арқылы ақша, алтын бұйымдар, техника және басқа да құнды заттарды ұрлап отырған. Арам пиғылдылар ұрланған мүлікті сатқан, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 2.5 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде . Күдіктілер қамауға алынып, полиция қызметкерлерімен істің барлық мән-жайы және ұсталғандардың басқада бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына қатыстылығы анықталуда.