Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады

0
840

Аса қажет болмаса алыс жолға шықпаңыздар!


Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


17 қараша күні таңертең және күндіз, 18 қараша күні түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ, 17 қарашада облыстың солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы «Казгидромет» хабарлады.


«18 қарашада таулы аудандарда тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с жел соғып, ауа-райы бұзылады. 17 қарашада күндіз, 18 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с жел соғады» – делінген «Казгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының хабарламасында.


Атап өтсек, метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты бүгін сағат 10:30-дан бастап «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» республикалық маңызы бар автожолы (Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейін), автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды. Ауа райы көктайғақ және боран. Осыған байланысты Түркістан облысы ТЖД облыс тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.