Түркістан облысында шетелдік студенттер өзенге батып кетті

0
717

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.


Түркістан облысында шетелдік студенттер өзенге батып кетті

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын", - делінген хабарламада.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды.
Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.