​Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне арналған аллея ашылды

0
1 221

Бұл іс-шара Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне арналды.


​Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне арналған аллея ашылды

Келес ауданында «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ардагерлер аллеясы мен Ауғанстан соғысы және тәжік-ауған қақтығысына қатысқан ардагерлеге арналған ескерткіш-монументтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне арналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында Келес ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев, ТМД жанындағы интернационалист жауынгерлер коммитеті төрағасының орынбасары, ҚР «Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері» одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, және өзге де ардагерлер ескерткіш-монументті ашып, мәңгілік алауды жақты. Аудан имамы Айдар Садықов қаза болған соғыс ардагерлеріне Құран бағыштады.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев жиылған қауымды Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады.
Іс-шараға келген мәртебелі қонақтар да мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Қонақтар мен ардагерлер жаңа ашылған ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойып, қаруластарын еске алды.