Түркістан облысында табылған үңгірден 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды

0
739

Iетелдік ғалымдар үңгірден табылған заттардың құнды жәдігер екендігін растады.


Түркістан облысында табылған үңгірден 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды

ERNUR.KZ. Бәйдібек ауданындағы Боралдай жерінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды, деп жазады inform.kz.

ҚР Ұлттық музейіне қарасты ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген қазба жұмыстары барысында Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз болып келген 85 үңгір анықталған. Палеолит дәуіріне тиесілі үңгірлерден тас құралдары мен адамның жақ сүйегі де табылған.

Солардың ішінде Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгірінен табылған тас ғасырына қатысты деректемелер шетелде зерттеліп жатыр.

«Ұлттық музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары жұмыс істеп жатыр. Үңгірден алынған топырақ пен өзге де құралдарды зерттеген Германиядағы орталықтан сүйінші хабар жетті. Онда шетелдік ғалымдар үңгірден табылған заттардың құнды жәдігер екендігін растады», - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі баспасөз бөлімінің қызметкері Мадина Сабыр.

Алдағы уақытта археолог мамандардан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шығыс Қазақстанда жалғастырмақ.