Түркістан облысында төтенше жағдайдың күші жойылады

0
460

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Түркістан облысында төтенше жағдайдың күші жойылады

Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы қаулы шығару, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы қаулы шығарды.


«Түркістан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 742 Жарлығымен енгізілген Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ақорданың ресми сайтында.