Түркістан облысында түйе сүтінен сапалы ұнтақ дайындалуда

0
1 760

Семинар-кеңестің күн тәртібінде түйе шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері және Түркістан қаласындағы сүт өңдейтін зауытты түйе сүтімен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.


Түркістан облысында түйе сүтінен сапалы ұнтақ дайындалуда

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында түйе шаруашылығын дамыту, сүт өнімін қайта өңдеп, сапалы құрғақ сүт өндіруге арналған семинар болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске сала мамандары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының түйе шаруашылығы мен айналысатын шаруашылық басшылары қатысты. Сондай-ақ, бұл жиынға біздің облысымызда жаңадан ашылған құрғақ сүт өңдейтін «ГОЛДЕН КЭМЭЛ ГРУПП ЛТД» ЖШС зауытының өкілдері шақырылды.

Семинар-кеңестің күн тәртібінде түйе шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері және Түркістан қаласындағы сүт өңдейтін зауытты түйе сүтімен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан қаласының аумағында 2017 жылы басталған құрғақ сүт өңдейтін зауыт құрылысы бүгінде аяқталған. Оның күндігіне 100 тоннаға дейін сүт қабылдау мүмкіндігі бар. Зауыт Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастық меморандум негізінде 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асыруға арналған 51 жобаның бірі.