Түркістан облысында «TURAN» интеллектуалды сайысы өтті

0
455

Сайысқа 8 команда қатысты.


Түркістан облысында «TURAN» интеллектуалды сайысы өтті

Келесте облыстық «TURAN» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» қарсаңында облыстық «TURAN» интеллектуалды сайысы өтті.


Шараның басты мақсаты - интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясының қоғамға кеңінен насихаттай отырып, жастардың ойлау қабілетін дамыту және патриотизмге баулу.


Сайысқа Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Оразбайұлы мен Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы қатысты.


"Қазір елімізде зияткер жастарды қалыптастыру үдерісі қарқын алуда. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Алдағы уақытта да жастар арасында нтеллекті, мәдениет, өзара қарым-қатынасты дамытатын, шапшаңдық, тапқырлық және жан-жақтылықты дағдыға айналдыратын, танымдық көкжиегін кеңейтетін орта қалыптастыру үшін осындай интеллектуалды сайыстар ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді Е. Бектаев


Жалпы білімділер сайысына аудан, қаладан келген 8 команда қатысты.


Тартысты ойын нәтижесіне сәйкес Сарыағаш ауданының “Конина Power” командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Бәйдібек ауданының “BBC” командасы, ал үшінші орынды Сайрам ауданының “Эрудит” комардасы иеленді. “Үздік топбасшы” номинациясы сайрамдық Төлегенов Әділханға бұйырса, Түркістан облысының “Түркістан жастары” "Үздік команда" атанды.