Түркістан облысында үш мектептің шатырын жел ұшырып әкетті

0
535

Қазір оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр.​


Түркістан облысында үш мектептің шатырын жел ұшырып әкетті

фото:aigak.kz

Түркістан облысында желдің екпінінен үш мектеп пен тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып әкетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданын Хамқорған ауылында орналасқан 44-ші Мәдени мектебінің шатырынан 1 136 шаршы метр профнастилін жел ұшырып жіберген. Бұл туралы Түркістан облыстықтөтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне 23 наурыз күні сағат 13.18-де хабарланған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылған. Білім басқармасының және прокуратура қызметкерлері де шатырсыз қалған мектепте арнайы жұмыс тобын құрып шығын көлемі анықталып жатыр.

Дәл сол күні Сайрам ауданында тағы бір мектептің шатыры желдің екпінінен зақымдалған. 23 наурыз күні кешкі сағат 21-лер шамасында Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 21 м/с екпінімен соққан желдің салдарынан тағы бір мектептің шатыры ұшқан. Жолғабас ауылында орналасқан Жолғабас орта мектебінің 2084 шаршы метрлік шатырының 91 шаршы метр профнастилі қираған.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жел тұрғын үйдің шатырын түгел ұшырып жіберген. 120 шаршы метр профнастилі жұлынып қалған. Бұл туралы Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне түнгі ондар шамасында хабарлама кеп түскен. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, барлық жағдайда адамдар дін аман, ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет