​Түркістан облысында үшем дүниеге келді

0
2 797

Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр.


​Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облыстық №1 перинаталды орталықта туылған үшемдер бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева 8 баланың анасы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр. Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 килодай ғана болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді дәрігерлер.

Көп балалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімінен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан - жақты бақылаған. Үшемдердің ата-анасының орталық дәрігерлеріне деген алғысы шексіз.