Түркістан облысында ұстаздар күні аталып өтті

0
903

Ерен еңбек сіңірген ұстаздар марапатталды.


Түркістан облысында ұстаздар күні аталып өтті

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар» сарайында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, білім саласында жоспарланған игі істермен бөлісті.


«Мұғалім – қасиетті ұғым. Ұстаз – киелі тұлға. Себебі, ұлы ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, әкім де, министр де бәрі-бәрі ұстаздан білім алып, тәлім көрген. Құттықтауды Ұлы Абайдың сөзімен бастағым келеді. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» – деп, қалай дөп айтылған. Мемлекет тарапынан ұстаздарға жасалып жатқан қолдаулардың көлемі жыл сайын артуда. Ендігі кезекте мұғалімдер алдында үлкен міндеттер тұр. Жаңа білім беру бағдарламасын игеру, заманауи озық тәжірибелерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру, оқушыларды халықаралық деңгейге шығарып, креативті ойлау көзқарасындағы қазақстандық азамат қалыптастыру. Осы орайда, ұстаздар алдында басты міндет – тұрақты түрде біліктілігін өздігінен жетілдіру»,-деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.


Мұғалімдер күні салтанатты шарасында білім беру саласының ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен, «Ы. Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттады.


Мерекелік шараға облысымыздан 120 ұстаз қатысты. Оның 23 -і ардагер ұстаздар, ал 40 педагог марапат иелері болды. Айта кетейік, салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары «Жылдың үздік мұғалімі» номенациямымен 10 Педагогты, ҚО Үкіметінің «Еңбек ардагері» медалімен 1 мұғалім сондай -ақ, ҚР БжҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен 7 ұстазды марапаттады. Салтанатты шара соңында «Жігіттер» квартеті ұстаздар мерекесін «Ұстазым» әнімен құттықтап, шара мерекелік концертке ұласты.