Түркістан облысында волейболдан халықаралық турнир өтті

0
1 626

«Достық» халықаралық турнирінің ашылуы аясында турнир жеңімпаздарымен қатар үздік спортшылар және олардың ата-аналары да марапатталды.


Түркістан облысында волейболдан халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданында волейболдан халықаралық «Достық»турнирі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданында биыл екінші рет волейболдан ұйымдастырылып отырған халықаралық «Достық»турниріне Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан, Алматы облысы, Тараз қаласы, Сайрам және Қазығұрт аудандарының кәсіби ойыншыларынан құралған 6 команда қатысты.

Екі күн бойы өткен тунир қорытындысы бойынша жүлделіI-орынға Алматы облысынан келген «Буравестник» волейбол командасы(қаржылай 500 000 теңге) ие болса, II-орынды Түркістан облысынан келген «Қарабұлақ» командасы (қаржылай 400 000 тенге) еншіледі. Ал жүлделі III-орынды Қазығұрт ауданынан келген «Динамо» командасы(300 000 теңгені) иеленді.

Сонымен қатар, сайысқа қатысқан өзге командалар мен олардың жаттықтырушыларына әртүрлі номинациялар бойынша қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.